Балалар мен ересектер арасында асық ойындарын кеңінен насихаттау арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұлттық ойындар арқылы балаларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке, әділдікке тәрбиелеу мақсатында “АСЫҚ – АСЫЛ ҚАЗЫНА” атты облыстық асық ойындар челленджі өтті.
🔰Асық – көнеден келе жатқан ұлттық ойын. Баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйластыққа тәрбиелеген. Ойынға қатысушылар «Бес табан», «Бес асық» ойындарын ойнап, өзара сайысқа түсті.

”Мамыр -Ынтымақ айы” іс-шаралар жоспары аясында 12 мамыр -Аналар күніне орай қыз бала тәрбиесінің ерекшелігі, жасөспірім қыздарға рухани-адамгершілік тәрбие беру, қыздарға тән мінез-құлық, қыз бала мәдениеті, қыз баланың қоғамдағы орнын айырықша түсіндіріп, эстетикалық тәрбие беру, қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру, жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу мақсатында 6-сынып қыздарының қатысуымен “Қыз тәрбиесі - ұлт болмысының тірегі” атты сырласу сағаты өтті. Сырласу сағатына мектебіміздің медбикесі С. Сариева мен 6-сынып қыз балаларының аналары қатысты. Сырласу сағатын өткізген 6 сынып жетекшілері. 🌹🌹Қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі - келешек аналар қолында, қыз баланың тәрбиесіне де байланысты. Еркін форматта өткен шара барысында қыздар көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, аналар тарапынан берілген кеңестерді тыңдап, өз ойларын ортаға салды. 🌹🌹Ұрпақтар сабақтастығына арналған шарадан қыздарымыз мол рухани азық алып, жақсы әсермен тарқасты.


Ұлытау облысы Төтенше Жағдайлар Жедел құтқару жасағының бастығы А. Д. Сағынаев , жедел құтқару жасағының медбибісі Г.Б.Ташева cудағы қауіпсіздік және сонымен қатар өрт қауіпсіздігінің алдын-алу мақсатында суға шомылу маусымы кезінде суда қауіпсіздік ережелерді сақтау; таныс емес су қоймалында абай болу; күйік шалудың, ток соғудың, өрттің алдын алу жолдары; терезеден құлап кетудің алдын алу шаралары және де төтенше жағдай орын алған кезде көмек көрсету алгоритмі жайында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Осы орайда оқушыларға жалған ақпарат таратудан сақтану керектігі, жалған ақпарат таратқан жағдайда қандай жауапкершілікке тартылатындығы туралы ескертілді. Кездесу соңында жадынама таратылды