Гимназия  шәкірттерінің ережелері  

Гимназия -білім ордасы.

Гимназияда ұстаздар қауымында ақыл-ойын, жігер қайратын тек қана білім сомдауға, ізгілікті қолдауға, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуге жұмсайды. Гимназия ішінде жалған сөйлеу, ұрлық жасау, көңіл қалдырып қатты сөзге келу, бір-бірімізді ренжітуге  тыйым салынады.

Гимназия шәкірттері төмендегі ережелерді орындауы тиіс:

  • Оқушылар мектепке келгенде ең алдымен салемдеседі;
  • Әрбір шәкірт өзінен үлкен кісінің алдында дауыс көтеріп, сөйлеп, орынсыз күлмейді;
  • Өз ойын,тиісті уәжін ұтымды сөзбен зор байсалдылықпен , үлкенге деген ізетпен, жоғары мәдениеттілікпен жеткізеді;
  • Гимназия қабырғасында және одан да тыс жерде шәкірттер ана тілінде таза көркем, жүйелі сөйлеуге тиіс:
  • Үнемі сабаққа қатысады, тереңдетілген бағдарламаны меңгеруге талпынады, дамиды. Сабаққа қатыспаған жағдайда, өзінің сабаққа қатыспағандығын дәлелдейтін құқықтық анықтамасы көрсетіледі;
  • Гимназия талабына сай сабаққа оқушы  кешікпеуге міндетті. Қоңырау соғылғаннан кейін оқушы сыныпқа кіріп, сабаққа дайын болуы керек.
  • Сабақта пән мұғалімінің талаптарын орындайды. Сабақ тәртібін сақтап, сабаққа қажетті барлық оқу құралдарын дайындайды. Оқушыларға сабақ барысында басқа нәрсемен айналысуға, мұғалімнің рұқсатынсыз басқа орынға отыруға, өз орнынан тұрып сыныптан шығып кетуге қатаң тыйым салынады;
  • Сабақ аяқталмас бұрын мектептен оқушы белгілі себеппен шыққан жағдайда сынып жетекшісінен немесе әкімшілік кезекшісінен рұқсат алады. Оның себебі, баланың ауырып қалуы, ата-анасының анықтамасы, басқа мемлекеттік мекемеге шақырылуы және де т.б. болып табылады;Себепсіз сабақтан сұранып,мектептен рұқсат жоқ.
  • Мекеме ғимаратындағы құрал жабдықтарға, оқулықтарға, оқу құралдарына мұқият қарайды. Мекеме мүлкіне зиян келтірген жағдайда, оқушы және ата-анаға қойылған тәртіп, ата-ананмен келісім шарт негізінде ата-анадан мүлікті қалпына келтіру талап етіледі;
  • Мекемеден алған оқулықтары мен басқа да оқу құралдарын оқу жылының соңында немесе мекемеден кетіп жатқан жағдайда қайта тапсырады;
  • Гимназия ішінде және мектеп оның аумағында тәртіп пен тазалықты сақтайды, мектептің әр қабатындағы және сыныптағы кезекшілікті ұқыпты орындайды;
  • Өрт қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі ережелерін сақтайды.