Заманға лайық тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, тың идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді.Тәрбие жұмысының жаңа формалары, әдіс-тәсілдерімен бөлісу, сынып жетекшіге әдістемелік -практикалық көмек көрсету, шығармашылығын шыңдау мақсатында 20 қыркүйек күні ДТІЖО С.М.Сейтказинова, С.Т.Абдыкалыкованың ұйымдастыруларымен "СЫНЫП ЖЕТЕКШІ - ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ҰЙЫТҚЫСЫ" тақырыбында семинар өткізілді.Семинар барысында сынып жетекшілерге :
Сынып жетекшілердің лауазымдық міндеттері.БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ.Тәрбие құндылықтарын сынып сағаттары арқылы жүзеге асыру, жоспарлау; (практикалық жұмыс)Ата- аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру;Ата-аналар академиясы, “Даналық” мектебінің жұмыстары таныстырылды.Сондай -ақ, сынып жетекшілермен бірге тәрбие жұмысындағы кейбір проблемаларды шешу жолдарын қарастыру арқылы жас сынып жетекшілерге бағыт-бағдар берілді.Топқа бөлінген сынып жетекшілер семинар соңында 3 сұрақ аясында кері байланыс жасады.
 
{gallery}--0/2{/gallery}