📝📚Ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай 36 жылдан астам уақытын білім беру саласына арнаған, алдынан сан шәкіртті ұшырған, республикалық, облыстық, қалалық олимпиада, ғылыми жоба жүлдегерлері мен жеңімпаздарын дайындаған бастауыш сынып мұғалімі Нуршина Рысжан Аманжанқызына Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылдың 4 қазанындағы №365 жарлығымен “Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы” құрметті атағы берілді. Аталған мемлекеттік награданы ұлағатты ұстазға Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы табыс етті. Аймақ абыройын асырып, биік белеске шыққан Рысжан Аманжанқызын жоғары марапатымен шын жүректен құттықтаймыз.