⚜️Бүгін Жезқазғанда мектеп оқушылары арасында Асық ату ұлттық спорттық ойынынан жарыс өтті
🔹№8 мектеп-гимназиясында және 3-ші жалпы білім беретін мектепте өткен жарысқа 50-ден астам бала қатысты.
🔹Жарысқа «Жезқазған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы Даумбаев Зухрап қатысты.
«Біздің мақсатымыз – кенже қалып қойған ұлттық ойынды дәріптеу, жастардың бойына ұлттық ойындарды сіңіру. Шеберлікке, мергендікке, батылдыққа, шешімдікке, ырымға, ырысқа тәрбиелейді. Міне асық ойынының кереметі деп осыны айт!» деді Зухрап Жұмабекұлы.